"Мұндай екіжүзділікті түсінбеймін". Футзалдан Қазақстан құрамасының бапкері футболдың оралуы жайлы

Сурет: ҚФФ
Футзалдан Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" бас бапкері Пауло Рикардо Кака футболдан басқа спорт түрлерінде жарыс болмай жатқанына наразылығын білдірді. 

"Мұндай екіжүзділікті түсінбеймін. Футбол әлем бойынша оралды, футзал мен өзге спорт түрлері жоқ. Футболда миллиондар айналып жатқанын білемін, бірақ, футзалда да солай. Футболдың оралу тәртібін түсінгім келеді. Ойын далада өте ме? Онда жағажай футболы мен волейболына еркіндік беріңіздер. Бірақ бұл оған емес, ақшаға байланысты. 

Футбол матчтерін тоқтатып таста деп жатқаным жоқ, тек тәртібін түсінгім келеді, неге басқа спортқа әділетсіз. Футзал - бұл хобби емес, бұл мамандық!", - деп жазыпты бразилиялық маман Instagram желісінде. 
Жаңалықтар