Мұндай бірінші ойыншы. Криштиану Роналду футбол тарихына кіретін рекорд орнатты

3 желтоқсан 2021 10:50
© REUTERS

"Манчестер Юнайтед" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду карьерасындағы 800-ші голды салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Португалиялық ойыншы "Арсеналмен" өткен 14-тур матчінде (3:2) дубль жасады. 52-минутта Роналду  оң қанаттан Маркус Рэшфорд берген пасты сәтті пайдаланды, ал 70-минутта пенальтиді сәтті орындады. 

Бұл Криштианудың карьерасындағы 800 және 801-ші голдары. "Юнайтед" сапында ол 130 гол, тағы 450 "Реалда" жүргенде (438), 101 "Ювентус" сапында (134) және "Спортингте" бесеуін (31) салған. Сонымен қоса, Роналду Португалия құрамасы үшін 184 матчте 115 гол соққан екен.

Squawka Football мәліметінше, Роналду кәсіпқой футболда осынша гол салған тарихтағы бірінші ойыншы болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport