"Мұндай болған емес". Месси ПСЖ-дағы кемдіктер жайлы

©Reuters

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси команда Чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін жанкүйерлердің наразылығын білдіріп ысқырғанына қатысты ойын айтты.

ПСЖ 1/8 финалға дейін жетіп, ақыры ЧЛ жеңімпазы атанған "Реалдан" ұтылған еді.

"Бұл мен үшін өзгеше бір жағдай. "Барселонада" мұндай болған емес, тіпті керісінше. Жанкүйерлердің наразылығы түсінікті. Клуб кезекті рет жарыстан шығып қалды. Ол кезде менімен Неймарға көп сөз келді. Солай болды", - деп береді Мессидің сөзін "Матч ТВ" арнасы TyC Sports-қа сілтеме жасап. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар