"Барселона" шабуылшысы және Польша құрамасының капитаны Роберт Левандовски Англияның "Ньюкасл" клубына қарсы 1/8 финалдың қарымта матчында дубль жасап, Чемпиондар лигасының жасқа байланысты рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасының абсолюттік рекорды37 жастағы форвард (37 жас 209 күн) UEFA Чемпиондар лигасының матчында дубль жасаған ең қарт ойыншы атанды. OptaJose мәліметінше, ол 2010 жылғы қарашада "Милан" сапында "Реалға" қарсы екі гол соққан италиялық шабуылшы Филиппо Индзагидің рекордын жаңартты (37 жас 86 күн).
Еске салсақ, Чемпиондар лигасының 2025/2026 жылғы 1/8 финалының қарымта матчында "Барселона" "Ньюкаслды" 7:2 есебімен жеңді. Левандовски 56 және 61-минуттарда гол соқты. Қос ойын қорытындысы бойынша каталониялық клуб ширек финалға шығып, онда мадридтік "Атлетико" командасымен кездесу өткізеді.
Биылғы маусымда Левандовски барлық турнирлерде 36 матч өткізді, 16 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар, польшалық шабуылшы Чемпиондар лигасында тағы бір рекорд орнатты, сегіз дүркін "Алтын доп" иегері Лионель Мессидің жетістігін жаңартты.