Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилиямен өтетін матч қарсаңында командасының мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Vesti.kz Globo басылымына сілтеме жасап.
1/16 финалда Кот-д'Ивуарды 2:1 есебімен ұтқан матчта гол соғып, енді бес голмен турнирдің үздік сұрмергендерінің қатарында тұрған "Манчестер Сити" шабуылшысы норвегиялықтардың келесі кезеңге өтуі оңай болмайтынын айтты.
"Мүмкіндік үлкен емес", – деп жауап берді Холанд Бразилияны жеңу ықтималы туралы сұраққа.
Футболшы алдағы қарсыластың деңгейі өте жоғары екенін команда жақсы түсінетінін жеткізді.
"Әрине, қазір Норвегиядағы халықтың көңіл күйі керемет. Құрама мен бүкіл елдің бірлігі бізге жақсы нәтижелер көрсетуге көмектесіп жатыр.
Енді біз 1/8 финалда ойнаймыз. Онда өте мықты командалар бар, сондықтан оңай болмайды. Келесі кезеңге өту өте қиын. Мұны іске асыра аламыз ба, білмеймін. Біз көп дайындалдық және дайындықты әлі де жоғары деңгейде жалғастырып жатырмыз", – деді Холанд.
Бразилия мен Норвегия арасындағы 1/8 финалдық кездесу 6 шілдеде АҚШ-тың Нью-Джерси штатында өтеді. Матч Астана уақытымен 01:00-де басталады.