"Мүмкіндік 50/50". Миланович "Ференцварош" - "Тобыл" ойыны жайлы

©fctobol

"Тобылдың" бас бапкері Милан Миланович Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы "Ференцварошқа" қарсы өтетін матч алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бірінші ойында "Ференцварош" әлдебір тосынсый жасай алды ма?

– Бүгінгі күні қарсылас тарапынан қандай да тосынсый бар деп айта алмаймын. Біз өткен ойыннан дұрыс қорытынды жасап, алдағы кездесуге дайындаламыз.

– "Тобылдың" келесі кезеңге өтуге мүмкіндіктері қандай?

– Бірінші таймды біз 0:0 есебімен тең ойнадық, енді екінші тайм Венгрияда өтеді. Сол себепті екі команданың мүмкіндігін 50 де 50 дер едім. Біздің әрі қарай өтуге мүмкіндігіміз бар. Турасын айтайық: егер алғашқы 20-30 минутта біз қорғаныста сауатты ойнасақ, жеңіске жетуге жол ашылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport