"Ақтөбе" командасының қазіргі бапкері Владимир Муханов пен бұрынғы бапкері Вахид Масудовтың қанша жалақы алатын белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Гол емес" телеграм-арнасының ақпараты бойынша, Мухановтың жалақысы 25 мың доллар көлемінде болса, Масудов айына бір миллион теңгенің шамасында айлық алған.
Еске салайық, маусымның басында "Ақтөбе" командасын беларус Алексей Бага жаттықтырған еді. Бірақ оның орнына кейін Масудов келді. Алайда бұл бапкер екі ай да жұмыс істей алмай, қызметінен кетті. Сосын команда тізгінін Владимир Муханов ұстады.