Мұхаммед Салахтың голы Мысыр құрамасын Африка кубогінің 1/4 финалына шығарды

©Африка кубогінің сайты

Мысыр құрамасы Камерунда өтіп жатқан Африка кубогінің 1/4 финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Кот-д’Иуар мен Мысыр арасындағы ойынның негізгі уақытында гол соғылмай, экстра-тайм ойнатылды. Алайда 120-минуттың қорытындысы бойынша қос қарсылас бір-бірінің қақпасына гол соға алмады.

120 минуттың ішінде мысырлықтар 21 соққы жасаса, "Африка пілдері" 13 рет қақпаны нысанаға алған.

Нәтижесінде жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бабы мен бағы қатар жанып тұрған Мысыр елінің өкілдері қарсыласын орта жолда қалдырып кетті. Ал капитан Мұхаммед Салах жеңіс голының авторы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: