Футбол
8 ақпан 2022 17:24

Мұхаммед Салах Сенегал құрамасынан есе қайтаратынын айтты

Globallookpress

Африка кубогінің финалында Сенегал мен Мысыр матчынан кейін мысырлықтардың капитаны Мұхаммед Салах командаластарына қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мысыр ойыншылары финалда ұтылған соң "Ливерпуль" шабуылшысы алдағы уақытта есе қайтаратынын айтты.

"Соңғы 12 күнде біз 120 минуттан тұратын төрт матч өткіздік. Өткен іске өкінуге болмайды. Болары болды. Енді наурыз айында Сенегалмен қайта кездесіп, сол кезде есемізді қайтарамыз Иншалла!", - деді Салах.

Еске салайық, Камерунда өткен Африка ұлттарының кубогінің финалында сенегалдықтар пенальти сериясында Мысыр командасын (0:0, 2:4 пенальти) ұтты. Енді Мысыр мен Сенегал наурыз айында Катар-2022 турниріне жолдама берілетін матчта қайта кездеседі. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен құрама әлем чемпионатына жолдама алады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport