Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Мұхаммед Салах 2018 жылдың ең үздік голы марапатына ие болды
AS Roma
Египет ұлттық құрамасы мен ағылшындық "Ливерпульдің" шабуылшысы Мұхаммед Салах 2018 жылғы Пушкаш сыйлығына ие болды. Бұл марапат 2009 жылдан бері асқан шеберлікпен ең әдемі гол соққан футболшыға табысталып келеді.
Танымал сыйлықтың атауы 1950 жылдары Венгрия ұлттық құрамасының капитаны болған Ференц Пушкаш құрметіне берілген.
Мұхаммед Салах Пушкаш сыйлығын ағылшын премьер-лигасында "Эвертон" қақпасына соққан голы бойынша иеленді. Ол қарсылас команданың бірнеше қорғаушыларын қапы қалдырып, асқан шеберлікпен гол соққан еді.
2017 жылы Пушкаш сыйлығын Оливье Жиру иеленді. Ал оған дейін бұл марапаттарға Роналду (Португалия), Хамит Алтынтоп (Түркия), Неймар (Бразилия), Мирослав Стох (Словакия), Златан Ибрагимович (Швеция), Хамес Родригес (Колумбия), Венделл Лира (Бразилия) және Фаиз Субри (Малайзия) сынды ойыншылар ие болған еді.
Бір қызығы 2010 жылы Пушкаш сыйлығына ие болған Хамит Алтынтоп үздік голын Қазақстан құрамасының қақпасына соққан. Түрік футболшысын қазақстандық қақпашы Андрей Сидельников FIFA кешіне арнайы барып марапаттаған болатын.
Жарнама