Мойындау. Месси "Алтын допқа" өзіне қарағанда кім лайық екенін айтты

©ТАСС

Аргентина құрамасы мен франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси жетінші "Алтын доп" сыйлығын иеленгеннен кейін, бұл сыйға өзге футболшы лайық екенін мәлімдеді. 

Сыйды табыстаудың салтанатты шарасында 34 жастағы Месси сөз сөйлеп, оны "Бавария" форварды Роберт Левандовскиге бағыттады. 

"Сен "Алтын допқа" лайықсың. Сен бұл сыйды былтыр алу керек болғаныңмен бәрі келіседі", - деді Месси.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport