Аргентина құрамасы мен франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси жетінші "Алтын доп" сыйлығын иеленгеннен кейін, бұл сыйға өзге футболшы лайық екенін мәлімдеді.
Сыйды табыстаудың салтанатты шарасында 34 жастағы Месси сөз сөйлеп, оны "Бавария" форварды Роберт Левандовскиге бағыттады.
"Сен "Алтын допқа" лайықсың. Сен бұл сыйды былтыр алу керек болғаныңмен бәрі келіседі", - деді Месси.