Португалиялық бапкер Жозе Моуринью мадридтік "Реал" басшылығынан алғашқы маңызды тапсырмалардың бірін алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаңа бапкердің басты міндетіAS басылымының мәліметінше, Моуриньюдің негізгі міндеті - франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе мен бразилиялық вингер Винисиус Жуниор арасындағы өзара байланысты тиімді жолға қою.
Дереккөздің жазуынша, "корольдік клуб" екі футболшымен де қоштасу нұсқасын қарастырмайды. Өйткені Мбаппе мен Винисиус команданың болашақ жобасының негізгі тіректерінің бірі саналады.
Моуриньюдің алдында бұл шабуыл шебін тек Испания чемпионатында ғана емес, УЕФА Чемпиондар лигасы аясында да барынша нәтижелі деңгейге жеткізу міндеті тұр.
Винисиустың келісімшартындағы мәселесіВинисиус пен "Реал" арасындағы қазіргі келісімшарттың аяқталуына бір жыл қалған. Соған қарамастан, тараптар жаңа келісім бойынша келіссөздерді бастап кеткен және процесс біртіндеп ілгерілеп келеді.
Мадрид клубы бразилиялық футболшымен жаңа келісімді 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін рәсімдеуді көздеп отыр.