1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 16:01
 

Моуриньюға айытлды: "Реал" Мбаппе мен Винисиусқа қатысты шешімге келді

  Пікірлер

blog.share

Моуриньюға айытлды: "Реал" Мбаппе мен Винисиусқа қатысты шешімге келді ©Depositphotos/Musiu0

Португалиялық бапкер Жозе Моуринью мадридтік "Реал" басшылығынан алғашқы маңызды тапсырмалардың бірін алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Португалиялық бапкер Жозе Моуринью мадридтік "Реал" басшылығынан алғашқы маңызды тапсырмалардың бірін алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңа бапкердің басты міндеті

AS басылымының мәліметінше, Моуриньюдің негізгі міндеті - франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе мен бразилиялық вингер Винисиус Жуниор арасындағы өзара байланысты тиімді жолға қою.

Дереккөздің жазуынша, "корольдік клуб" екі футболшымен де қоштасу нұсқасын қарастырмайды. Өйткені Мбаппе мен Винисиус команданың болашақ жобасының негізгі тіректерінің бірі саналады.

Моуриньюдің алдында бұл шабуыл шебін тек Испания чемпионатында ғана емес, УЕФА Чемпиондар лигасы аясында да барынша нәтижелі деңгейге жеткізу міндеті тұр.

Винисиустың келісімшартындағы мәселесі

Винисиус пен "Реал" арасындағы қазіргі келісімшарттың аяқталуына бір жыл қалған. Соған қарамастан, тараптар жаңа келісім бойынша келіссөздерді бастап кеткен және процесс біртіндеп ілгерілеп келеді.

Мадрид клубы бразилиялық футболшымен жаңа келісімді 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін рәсімдеуді көздеп отыр.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!