Мадридтік "Реалдың" бразилиялық вингері Винисиус Жуниордың клубтағы болашағы әлі де белгісіз. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, команданың жаңа бас бапкері Жозе Моуринью оны ерекше ойыншы деп санамайды. Сонымен қатар, футболшыға лондондық "Арсеналы" қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
26 жастағы вингердің "корольдік клубпен" жасасқан келісімшарты келесі жылы аяқталады. Тараптар жуық арада жаңа келісім бойынша келіссөз өткізуді жоспарлап отыр. Алайда журналист Пепе Альварестің мәліметінше, Жозе Моуринью Винисиусты өзінің жаңа жобасындағы негізгі тұлғалардың бірі деп есептемейді.
Соған қарамастан, "Реал" футболшыны міндетті түрде трансферге шығаруды жоспарлап отырған жоқ. Бірақ егер клубқа қаржылық жағынан өте тиімді ұсыныс түссе, оны қарастыруға дайын. Дереккөздің хабарлауынша, келісімшартты ұзарту мәселесіндегі басты түйткілдердің бірі – Винисиус Жуниордың қаржылық талаптары.
Мадридтік клуб басшылығы футболшы сұрап отырған шарттармен келісуге ниетті емес. Сондықтан егер бразилиялық вингер "Сантьяго Бернабеуде" қалғысы келсе, өз талаптарын қайта қарауы қажет болады.
Жарнама