Футбол
Бүгін 09:58

Моуринью Ямальдің трансферін қажет қылмады

©Depositphotos/mrogowski_photography

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуринью "Барселона" шабуылшысы Ламин Ямальды өз командасында көргісі келе ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Ламинді "Реалда" көргіңіз келе ме?

- Жоқ. Оның керемет ойыншы, болашағы зор жас футболшы екеніне күмәнім жоқ. Оның жасында Еуропа және әлем чемпионы атану - ерекше жетістік. Бірақ біздің құрамымыз жоғары деңгейлі ойыншылардан жасақталған, сондықтан қандай да бір футболшы үшін командадан ешкімге орын босатпас едім. Қазір олар - менің ойыншыларым. Ал менің ойыншыларым - ең үздіктер, - деп береді Моуриньюдің сөзін AS.

18 тамызда Моуринью мадридтік клубтың бас бапкері ретінде ресми түрде таныстырылды. Португалиялық маманның "Реалмен" келісімшарты 2029 жылға дейін есептелген.

"Барселона" сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Ямаль 2025/26 маусымы алдында каталониялық клубпен келісімшартын 2031 жылға дейін ұзартқан.
 
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport