Мадридтің "Реал" клубының бас бапкері Жозе Моуринью клуб басшылығымен кездесу өткізіп, команданың негізгі ойыншыларының болашағын талқылады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Моуринью таңдауын жасадыThe Telegraph басылымының мәліметінше, португалиялық маман клубтан үш жұлдызды футболшымен қоштаспауын сұраған. Олар – бразилиялық вингер Винисиус Жуниор, Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе және Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем.
Клуб басшылығында Мбаппе мен Беллингемнің болашағына қатысты айтарлықтай күмән болмаса, Винисиусқа қатысты жағдай әлдеқайда күрделі болып отыр.
Винисиустың болашағы әлі белгісізСоңғы уақытта бразилиялық вингердің клубтан кетуі мүмкін екені туралы қауесеттер жиілей түсті. Атап айтқанда, 26 жастағы футболшыға басты үміткерлердің бірі ретінде лондондық "Арсенал" аталып жүр.
Сонымен қатар, "Реал" Винисиуспен жаңа келісімшарт жасау жөніндегі келіссөздерді жалғастырып жатыр. Алайда әзірге тараптар ортақ мәмілеге келе алған жоқ.
Бразилиялық футболшының мадридтік клубпен қазіргі келісімшарты келесі жылдың маусым айының соңына дейін жарамды. Сондықтан оның болашағына қатысты мәселе әзірге ашық күйінде қалып отыр.