Футбол
Бүгін 09:55

Моуринью "Реалға" келісімен бірден 10 ойыншыны командадан қумақ

©instagram.com/realmadrid

"Реал" тізгінін ұстауға дайындалып жатқан Жозе Моуринью клуб құрамында ауқымды өзгерістер жасамақ, деп хабарлайды Vesti.kz.

Marca басылымының мәліметінше, жазғы трансферлік кезеңде "корольдік клуб" бірден он футболшымен қоштасуы мүмкін. Бұл қадам португалиялық маманның талаптарына сай жаңа команда қалыптастыру мақсатында жасалмақ.

Дереккөздің хабарлауынша, Моуринью ойыншылардың мәртебесі мен бұрынғы жетістіктеріне емес, тәртіпке, психологиялық тұрақтылыққа және тактикалық ұйымдасуға басымдық бермек. Клуб ішінде құрамның барлық дерлік шебінде елеулі өзгерістер болады деген болжам бар.


Мадридтік клубтағы болашағы бұлыңғыр ойыншылар қатарында шабуыл шебінің көшбасшысы Винисиус Жуниордың да есімі аталды. Басылым мәліметінше, Моуринью келген жағдайда командада "тиісуге болмайтын" футболшылар болмайды.

Сондай-ақ, Эдуарду Камавинга, Дани Себальос, Ферлан Менди, Андрей Лунин және Гонсало Гарсия клубтан кетуі ықтимал футболшылар қатарында. Бұдан бөлек, бапкер Федерико Вальверде мен Орельен Тчуаменинің де командадағы рөлін қайта қарастыруы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport