Мадридтік "Реалдың" жаңа бас бапкері Жозе Моуринью клубқа оралғаннан кейінгі алғашқы маусымында ауқымды кадрлық өзгерістер жасауға ниетті емес, деп хабарлайды Vesti.kz.
Басты мақсат – команданы біріктіруMarca мәліметінше, португалиялық маман алғашқы күннен-ақ өзін ойыншылардан оңай құтылатын қатаң бапкер ретінде көрсеткісі келмейді.
Керісінше, 63 жастағы маман ұжымды біріктіруге және команда ішінде мықты атмосфера қалыптастыруға басымдық бермек. Оның пікірінше, дәл осы факторлар алдағы маусымдағы табыстың негізгі кепілі болмақ.
"Реалдағы" екінші кезеңМоуриньюдің "Реалдың" бас бапкері болып тағайындалғаны ресми түрде 11 маусымда жарияланған болатын.
Бұл – португалиялық маманның мадридтік клубтағы екінші кезеңі. Ол бұған дейін "Реалды" 2010-2013 жылдары жаттықтырып, командамен бірге Испания чемпионатын, Испания кубогын және Испания суперкубогын жеңіп алған.
"Реалға" қайта оралмас бұрын Моуринью 2025-2026 жылдары Лиссабонның "Бенфикасын" жаттықтырды.