Мадридтік "Реал" "Бенфика" және Украина құрамасының қақпашысы Анатолий Трубинді өз қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Sam C мәліметінше, "корольдік клуб" басшылығы негізгі қақпашы Тибо Куртуаның денсаулығына байланысты жиі туындайтын мәселелерге алаңдап, оған ұзақ мерзімді балама іздеуді бастап кеткен.
Моуринью украиналық қақпашыны жақсы біледіТрубиннің ықтимал трансферіне әсер етуі мүмкін тағы бір жайт – оның "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуриньюмен жақсы қарым-қатынасы. Португалиялық маман бұған дейін "Бенфикада" жұмыс істеген.
Сондай-ақ Моуриньюдің бапкерлер штабына кіретін қақпашылар бапкері де украиналық голкипердің мүмкіндіктерін жақсы біледі. Бұл фактор түпкілікті шешім қабылдауда маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Трубин туралы не белгілі?24 жастағы Анатолий Трубин 2023 жылдан бері "Бенфика" сапында өнер көрсетіп келеді. Ол лиссабондық клубқа Донецкінің "Шахтерінен" ауысқан.
Өткен маусымда украиналық қақпашы барлық турнирде 47 матч өткізіп, оның 19-ында қақпасына гол жібермеді. Осылайша, ол Португалия чемпионатындағы үздік қақпашылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазіргі таңда әңгіме тек "Реалдың" қызығушылығы туралы болып отыр. Дегенмен мадридтік клуб қажет болған жағдайда Трубинді Тибо Куртуаның негізгі мұрагерлерінің бірі ретінде қарастырып жатыр.