Португалиялық маман Жозе Моуринью мадридтік "Реал" клубына қайта оралуға жақын, деп хабарлайды Vesti.kz.
Моуринью команда құрамын қайта жасақтамақThe Touchline ақпаратына сәйкес, 63 жастағы бапкер командада көргісі келетін футболшылардың алдын ала тізімін анықтап қойған. Алайда соңғы шешім әлі қабылданбаған.
Мәліметке қарағанда, бірқатар ойыншы маусым алдындағы дайындық кезінде өз мүмкіндігін дәлелдеуі тиіс. Олардың клубтағы болашағы дәл осы кезеңге байланысты болады.
9 футболшының болашағы белгісізҚазіргі таңда мына футболшылардың жағдайы нақты емес:
Франко Мастантуоно
Эндрик Фелипе
Николас Пас
Гонсало Гарсия
Фран Гарсия
Эдуардо Камавинга
Браим Диас
Тьяго Питарч
Рауль Асенсио
Айта кетейік, Эндрик Фелипе франциялық "Лион" клубынан жалға беру мерзімі аяқталған соң "Реалға" қайта оралады.
Ал аргентиналық жартылай қорғаушы Николас Пас италиялық "Комо" клубынан толыққанды сатып алынуы мүмкін.
Бәрі шешіліп қойды ма?Бұған дейін БАҚ-та Реал 63 жастағы португалиялық маманмен келісім шарттарын мақұлдағаны туралы ақпарат тараған болатын.
Жозе Моуринью мадридтік клубты 2010-2013 жылдары жаттықтырған. Сол кезеңде ол командамен бірге Испания чемпионатын, ел кубогы мен суперкубогын жеңіп алды.
Қазіргі уақытта тәжірибелі бапкер "Бенфика" клубында жұмыс істейді.