"Реалдың" бас бапкері Жозе Моуринью Испания чемпионатының үшінші турында мадридтіктердің "Малаганы" 4:0 есебімен ұитқандарына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Екінші таймда біз ойынды бақылауда ұстауға, қарқынды бәсеңдетуге көбірек көңіл бөлдік. "Малага" сабырлырақ ойнап, допты бақылауда ұстады. Алайда біз қарқын қосқан сайын тағы бір-екі гол соға алатындай көрінді. Біздің мақсатымыз қақпамызға гол жібермеу болды.
Әрдайым шабуылда агрессив ойнау міндетті емес. Кейде қарсылас алаңға шығып, бізге қорғаныста жақсы жұмыс істеуге тура келеді.
Стадионға келген адамдардың уақытын жақсы өткізуі маңызды. Бірақ олар жоғары деңгейдегі футболдың не екенін түсінсе, екінші тайм да ұнауы керек. Біз команданың қорғаныста қалай жұмыс істейтінін көрдік. Винисиус доптан айырылып қалады да, кейін қорғанысқа қайта оралады. Футбол тек әдемі голдардан ләззат алу емес. Сонымен қатар үйге біртұтас команда екенімізді сезініп қайту да маңызды", - деп келтіреді Моуриньюдің сөзін Marca.
Испания чемпионатының үш турында "Реал" тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш басына шықты. "Барселона" 6 ұпаймен төртінші, бірақ, каиалондықтардың алда бір ойыны бар.