Жозе Моуринью Орельен Тчуамени мен Федерико Вальвердені жаңартылған "Реалдың" негізгі ойыншылары ретінде қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Foot Mercato басылымы AS-қа сілтеме жасап хабарлағандай, португалиялық маман екі жартылай қорғаушыны да бірге пайдаланғысы келеді. Бұған олардың үш айдан сәл астам уақыт бұрын болған елеулі жанжалы кедергі емес.
Еске салайық, сол кезде киім ауыстыратын бөлмедегі дау үлкен жанжалға ұласып, Вальверде ауруханаға қаралуға мәжбүр болған. Екі футболшыға да 500 мың еуродан айыппұл салынған еді.
Кейін Тчуамени мен Вальверде көпшілік алдында татуласқанын мәлімдеді. Алайда 7 мамырдағы оқиғадан бері олар ресми матчта бірге алаңға шыққан жоқ. Сондықтан Вальдебебастағы жаттығу базасына оралғаннан кейінгі бірлескен жұмыстары бұл жанжалдың шынымен өткенде қалғанын түпкілікті көрсетуі тиіс.
Моуринью үшін бұл мәселе ең алдымен футбол тұрғысынан маңызды. Бапкер алаң ортасындағы ойынды Тчуамени мен Вальверде жұбына негіздеп, оларды қос жартылай қорғаушы ретінде пайдалануды жоспарлап отыр.
Олардың алдында португалиялық маман Ян Диоманде, Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор және Джуд Беллингемді орналастырмақ.
Сонымен қатар Моуринью екі жартылай қорғаушымен арнайы әңгіме өткізуді немесе олардың қарым-қатынасына қандай да бір жолмен араласуды жоспарлап отырған жоқ. Клубта бұл жағдай қазірдің өзінде реттелді деп есептейді.
Бапкер ойыншылар арасында қайтадан шиеленіс пайда болған жағдайда ғана араласуға ниетті. Көп жағдайда оның болашақ тактикалық жоспары Тчуамени мен Вальверденің алаңдағы бұрынғы өзара түсіністігін қайта қалыптастыра алуына байланысты болмақ.
Жарнама