Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуринью Дани Себальостың командадан кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Vesti.kz. Испаниялық жартылай қорғаушы "Бетиске" қайта оралып, клубпен 2029 жылға дейін келісімшартқа отырды.
Моуринью Себальоспен не туралы сөйлесті?- Себальоспен не болды? Оның кетуі сіздің шешіміңіз болды ма, әлде клубтың шешімі ме? Ол өзі кетуге келісті ме?- Біз телефон арқылы үш минут сөйлестік. Мен оған оған сенбейтінімді және жоспарымда жоқ екенін айттым. Көбіне жаттықтырушы ойыншыға сенім артпаған кезде, футболшылар келісімшартына жармасып, командада қалуға тырысады. Олар: "Мен қалғым келеді", "Ешқайда кетпеймін" дейді. Содан кейін уақыт өте келе шешілуі қиын мәселелер туындайды.
Бұл жағдайда бәрі өте оңай шешілді. Өйткені ойыншы маған: "Егер сіз маған сенім артпасаңыз, еркін агент атанып, болашағымды өзім шешкенді жөн көремін", - деді. Содан кейін бар болғаны бірнеше күннің ішінде ойыншы мен клуб келісімшартты бұзу туралы келісімге келді. Себальос еркін агент атанып, өзінің болашағын өзі таңдауға мүмкіндік алды, - деп береді Моуриньюдің сөзін As.
Себальостың "Реалдағы" кезеңіСебальос 2017 жылдан 2026 жылға дейін "Реал" сапында өнер көрсетті. Мадридтік клуб кезінде оның "Бетистен" трансфері үшін 16,5 миллион еуро төлеген.
2019-2021 жылдар аралығында испаниялық футболшы Лондонның "Арсенал" клубында жалға ойнады.