Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуринью Бразилия құрамасының жаттықтырушысы Карло Анчелоттимен тығыз байланыста.
Бапкерлер Винисиусқа арналған жоспар әзірлейді
The Touchline мәліметінше, мамандар Винисиус Жуниордың ойын бабын жақсарту бағытында бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
Дереккөздің хабарлауынша, екі маман бразилиялық шабуылшымен жұмыс істеуге арналған ортақ бағдарлама әзірлемек. Олардың басты мақсаты – футболшыны бабына келтіріп, өз күшіне деген сенімін қайтару.
Анчелотти мен Моуринью Винисиус бабына енсе әлемдегі үздік үш футболшының қатарына кіретініне сенеді. Сондықтан олар оның әлеуетін толық ашуға ниетті.
Винисиустың осы маусымдағы статистикасы
Испания чемпионатының қазіргі маусымында 26 жастағы бразилиялық сегіз матчқа қатысып, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген.
Жарнама