Футбол
Бүгін 09:49

Моуринью "Атлетиодан" ұтылғаннан кейін "Реал" ойыншыларын таратып жіберді

©Depositphotos/mrogowski_photography

Жозе Моуринью халықаралық үзілісті пайдаланып, мадридтік "Реал" футболшыларына бірнеше күн демалыс беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Marca басылымының мәліметінше, мадридтік клуб ойыншыларына төрт күн демалыс берілді. Одан кейін команда орналасу орнында қалатын футболшылар үшін жеке жаттығу бағдарламасы дайындалады.

Футболшыларға демалыс беру туралы шешім "Атлетикоға" қарсы дербидегі жеңіліске дейін қабылданған және матч нәтижесіне байланысты емес. Команда жаттығу жұмыстарына жұма, 25 қыркүйекте оралады.

Жаттығу қайта басталғаннан кейін жүктеме мен жұмыс кестесі әр футболшының жағдайына қарай жеке белгіленеді. Эдер Милитао, Родриго Гоэс және Ферлан Менди "Реалдың" Вальдебебастағы базасында қалпына келу жұмыстарын жалғастырады. Ал Федерико Вальверде арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Үзіліс кезінде медициналық штаб Рауль Асенсионың да қалпына келу барысын бағалайды. Осыдан кейін жіліншік сүйегіне ота жасау қажеттілігі туралы шешім қабылданады. Ал Орельен Тчуамени маусым алдындағы дайындық кезінде жіберіп алған жаттығулардың бір бөлігін толықтыра алады.

Сонымен қатар алдағы апталарда "Реалдың" жаттығуларындағы футболшылар саны айтарлықтай азаяды. Бірден 15 ойыншы өз ұлттық құрамаларының орналасуына аттанды. Осыған байланысты жаттықтырушылар штабы негізгі командамен бірге жаттығуға академияның бірнеше ойыншысын шақыруды жоспарлап отыр.

Еске салайық, "Атлетикодан" ұтылғаннан кейін "Реал" Ла Лиганың турнир кестесінде бірден екі сатыға төмендеп, екінші орыннан төртінші орынға түсті. Мадридтік клуб көш бастап тұрған "Барселонадан" алты ұпайға қалып келеді.

Келесі турда "Атлетико" 10 қазанда "Алавеспен" кездессе, "Реал" бір күннен кейін "Вильярреалға" қарсы ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport