Моуринью АПЛ-де төрт бапкер ғана жете алған жетістікті қайталады

Сурет: UA-Football
"Тоттенхэм" футболдан Англия премьер-лигасының 33-ші тур матчінде "Эвертонды" ұтты, - деп хабарлайды sports.ru

Бұл кездесуде автогол арқасында ғана есеп ашылды - 1:0. 24-ші минутта Майкл Кин қателік жіберді.

Осылайша, лондондық команданың бас бапкері Жозе Моуринью үшін бұл АПЛ-дегі 200-ші жеңісі. Ол Англия премьер-лигасында осындай жетістікке жете алған бесінші бапкер екен. Ал лоардың ішінде Алекс Фергюсон ғана бұл көрсеткішке Моуриньюдан төрт матч бұрын жеткен (326 және 322).

528 жеңіс - Алекс Фергюсон;
476 - Арсен Венгер;
236 - Харри Реднапп;
207 - Дэвид Мойес;
200 - Жозе Моуринью.
Жаңалықтар