Моуриньо? Португалия құрамасын білікті маман жаттықтыруы мүмкін
©instagram.com/josemourinho
"Рома" бас бапкері Жозе Моуриньо Португалия құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін, деп жазады La Gazetta dello Sport.
"Рома" бас бапкері Жозе Моуриньо Португалия құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін, деп жазады La Gazetta dello Sport.
Басылымның мәліметінше, Португалия футбол федерациясы білікті маманға клубтағы жұмысымен қатар құрамамен жұмыс істеу туралы ұсыныс айтқан.
Қазіргі таңда "пиренейліктердің" бас бапкері Фернанду Сантуш. Сантуштың жетекшілігімен Португалия командасы әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жетіп Марокко ойыншыларына есе жіберді.
Өз кезегінде Моуриньо "Ромада" 2021 жылдың жазынан бері жұмыс істеп келеді. Өткен маусымда римдіктер УЕФА Конференция лигасын ұтты.
Жарнама