Моуриньо – Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және Конференция Лигасы турниріне шыққан бірінші бапкер

©globallookpress

Футболдан Конференция Лигасының финалистері анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Рома" өз алаңында "Лестерді" қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голдың авторы Тэмми Абрахам (11-минут).

Осылайша, италиялық клубтың бас бапкері Жозе Моуриньо Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және Конференция Лигасы турнирлерінің финалына шыққан әлемдегі бірінші жаттықтырушы болып отыр.

Португалиялық маман Чемпиондар Лигасында "Порту", "Интер" клубтарымен, Еуропа Лигасында "Манчестер Юнайтедпен" финалға дейін жетіп, сол жарыстардың жеңімпазы атанған. Сонымен қатар, 2003 жылы "Портумен" УЕФА Кубогінің иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport