"Рома" бас бапкері Жозе Моуриньо британиялық рэпер Stormzy-дің клипіне түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Моуриньоның Mel Made Me Do It деп аталатын клиптегі негізгі образы өзінің өмірінен алынған. "Рома" бапкері бөлме ішінде сұқ саусағын ерніне қойып үнсіз қалуды меңзеп тұрады.
Португалиялық маман белгілі рэпердің клипіне де жәйдан-жәй шақырылмады. 2014 жылы "Челси" бапкері болып тұрған кезде "Астон Вилладан" оңбай ұтылады. Сол кезде Жозе: "Үнсіз қалғанды жөн санаймын. Қазір ашылып айтсам менде үлкен қиындықтар туындауы мүмкін. Басымды бәлеге тыққым келмейді", - деген еді.
Еске салайық, Жоз Моуриньо "Рома" клубын 2021 жылдан бері жаттықырып келеді. Ол осыған дейін "Бенфика", "Униан Лейрия", "Порту", "Интер", "Реал Мадрид", "Манчестер Юнайтед" және "Тоттенхэм" командаларын тізгіндеген.