| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:08
 

Моуриньо "Атлетикодан" құны 90 миллиондық талантты ойыншыны алып қоймақ

  Пікірлер

blog.share

Моуриньо "Атлетикодан" құны 90 миллиондық талантты ойыншыны алып қоймақ ©Depositphotos/VincenzoIzzo

Мадридтің қос алыбы – "Реал" мен "Атлетико" "Кристал Пэлас" клубының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Адам Уортонды өз қатарына қосуға ниетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтің қос алыбы – "Реал" мен "Атлетико" "Кристал Пэлас" клубының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Адам Уортонды өз қатарына қосуға ниетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Fichajes.net мәліметінше, лондондық клуб ойыншыны тікелей сатудан бас тартып, оны тек ауқымды трансферлік бәсеке арқылы жіберуге дайын. Қазіргі таңда футболшының бастапқы бағасы 90 миллион еуроға жеткен.

Моуриньюге Уортон не үшін қажет?

Португалиялық маман Жозе Моуринью ағылшын жартылай қорғаушысын сатып алуды жеке өзі талап етіп отыр.

"Корольдік клубтың" бас бапкері қарсыластың жоғары қысымынан қысылмай шығып, шабуылды лезде үдетуге қабілетті ойыншы іздеуде.

Уортонның "Кристал Пэласпен" келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды болғандықтан, "Реал" бұл трансферді клубтың ұзақ мерзімді жобасының маңызды бөлігі ретінде қарастырып отыр.


"Атлетико" да шет қалмайды

"Атлетико" де қомақты қаржы жұмсауға дайын екенін білдіріп, трансферлік бәсекеде басымдыққа ие болуға тырысып жатыр. Клубтың спорттық басшылығы Адам Уортонды алдағы бірнеше жылға жартылай қорғау шебінің негізгі тұлғасына айналдырмақ.

"Атлетиконың" басты артықшылығы – жас футболшыға бірден негізгі құрамнан тұрақты орын ұсынуға әзір болуы. Ал "Сантьяго Бернабеуде" негізгі құрамға ену үшін қатаң бәсекеден өтуге тура келеді.

Енді карьерасын қай бағытта жалғастыратынын Уортонның өзі шешеді: Англияда қалу немесе Испания чемпионатында бағын сынау.

Айта кетейік, Адам Уортон "Кристал Пэласқа" 2024 жылы "Блэкберннен" 21,1 миллион еуроға ауысқан. 2025/26 жылғы маусымда ол барлық турнирде 53 матч өткізіп, 1 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!