Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуринью футбол күнтізбесіндегі матчтар санын азайту үшін айлықты төмендету туралы ұсынысқа әзілмен жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Португалиялық маман мұндай өзгеріс үшін табысының бір бөлігінен бас тартуға ниетті емес екенін аңғартты.
"Луис Энрике матчтар саны азайса, айлығының 20 пайызын қысқартуға дайынмын деді ме? Жоқ, бұл маған қатысты емес. Менің табысыма тиіспеңіздер (күлімсіреп)", – деп келтіреді Моуриньюдің сөзін Madrid Xtra.
Бұған дейін ПСЖ-ның бас бапкері Луис Энрике футболшылар мен жаттықтырушылардың матчтары азайған жағдайда айлығының 20 пайызынан бас тартуға дайын екенін мәлімдеген еді.
Моуринью биылғы маусым басталар алдында "Реалдың" тізгінін ұстады. Португалиялық маманның жетекшілігімен мадридтік клуб Испания чемпионатында 13 матч өткізіп, 33 ұпай жинады және турнирлік кестеде екінші орында тұр. Көш басындағы "Барселона" үш ұпайға алда.