"Монако" екі гол салды. ПСЖ Франция чемпионатында алтыншы рет ұтылды

Сурет: AFP©

ПСЖ футболдан Франция чемпионатының 26-шы турында "Монакодан" ұтылып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz

Париждегі "Парк-де-Пренс" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Монаколықтардан Софьян Диоп (6-шы минут) және Гильермо Марипан (51) гол салды.

Бұл сәтсіз ойыннан кейін ПСЖ 54 ұпаймен үшінші орында, ал 52 балл жиаған "Монако" төртінші. 

27 ақпанда өтетін келесі турда ПСЖ сырт алаңда "Дижонмен", ал "Монако" өз алаңында "Брестпен" ойнайды.