Молдованың бапкері Ұлттар лигасындағы жеңілісіне қатысты ойын айтты

©Sportbox

Футболдан Молдова құрамасының бас бапкері Сергей Клещенко Ұлттар лигасындағы қарымта матчте ұтылғандарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның сөзінше, ойынға жасанды алаң тікелей әсер етті.

"Ойын Молдовада өткен матчке қарағанда қиындау болды. Қазақстан үлкен қиындықтар тудырды, бізде мүмкіндіктер көп болмады. Ал пенальтиде сәттілік жетіспеді. 

Қазақстанға құттықтап, сәттілік тілеймін.

Ешкімге кінә таға алмаймын. Негізгі уақытта біз ұтқанымызды ұмытпаңыздар. Ары қарайғысы - сәттілік. Өз командама ризамын.

Қазақстан құрамасының ойынына сараптама жасай отырып, бірден екі ойыншыға назар аудардым - олар Қуат пен Тағыберген. Бұлар құраманың мықты ойыншылары", - дейді Клещенко. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport