Футбол
30 наурыз 2022 08:23
 

Молдовамен матчте пенальтиде ұтқан Қазақстан Ұлттар лигасындағы орнын сақтап қалды

  Пікірлер

blog.share

Молдовамен матчте пенальтиде ұтқан Қазақстан Ұлттар лигасындағы орнын сақтап қалды ©Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Молдованы пенальти сериясында ұтып, Ұлттар лигасы С дивизионында орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Молдованы пенальти сериясында ұтып, Ұлттар лигасы С дивизионында орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Молдовалықтар ойынның 13-минутында есеп ашты, гол авторы Игорь Армаш. 

Бірінші таймнан кейін Андрей Карповичтің бапкерлік штабы өзгеріс жасады: алаңға Тимур Досмағамбетов, Айбар Жақсылықов пен Бағдат Қайыров шықты.

Ал қапталдағы қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаев жарақат алып қалды.

Қосымша берілген 30 минутта есеп өзгермеді, осыдан кейін пенальти сериясы белгіленіп, Қазақстан онда басым түсті - 5:4.

Шешуші голды Георгий Жуков салды.

Еске салайық, Кишиневте өткен ойында Қазақстан 2:1 есебімен ұтқан, ал екі ойын қорытындысы бойынша (2:2) тең түсі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!