Молдовамен матч алдында Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақат алды

©ҚФФ

Ұлттар лигасы Молдоваға қарсы тоғыспа кездесудің алдында Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақат алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Инсайдер Айдын Қожахметтің хабарлауынша, белгиялық "Моленбек" командасының қорғаушысы Ян Вороговский жарақатына байланысты құрамаға келмеген. Ол алдағы екі ойынға да қатыспайды. 

Айта кетейік, Молдова мен Қазақстан арасындағы бірінші ойын 24 наурыз күні Кишинев қаласында өтсе, жауапты кездесу 29 наурыз күні Нұр-Сұлтанда болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport