Молдова құрамасының Қазақстан футболшыларына қарсы шығатын құрамы белгілі болды

©Ziarul de Gard

Футболдан Молдова құрамасы Қазақстан астасына ұшты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 29 наурызда Қазақстан мен Молдова футболшылары Ұлттар Лигасының өтпелі матчында кездеседі.

қақпашылар:  Станислав Намашко ("Кешля", Әзірбайжан), Дориан Райлян ("Униря Деж", Румыния), Дмитрий Челядник ("Шериф");

қорғаушылар:  Олег Рябчук ("Олимпиакос", Грекия), Игорь Армаш ("Волунтарь", Румыния), Вячеслав Посмак ("Тузласпор", Түркия), Денис Марандич ("Целе", Словения), Даниэл Думбравану ("Сиена", Италия), Артур Крачун ("Царско село", Болгария), Вадим Болохан ("Милсами"), Ион Жардан ("Петрокуб"), Иоан-Кэлин Ревенко ("Петрокуб"), Денис Фуртуна ("Бэлць" ФК);

жартылай қорғаушылар:  Артур Ионица ("Беневенто", Италия), Вадим Раце ("Волунтарь", Румыния), Михаил Каймаков ("Славен Белупо", Хорватия), Кристиан Дрос ("Славия Мозырь", Беларусь), Дмитрий Мандрыченко ("Ингулец", Украина), Сергей Платика, Михай Платика және Ясер Цуркан (үшеуі де - "Петрокуб"), Никита Моцпан ("Бэлць" ФК);

шабуылшылар: Раду Гынсарь ("Ксанти", Грекия), Ион Николаеску ("Маккаби" Петах-Тиква, Израиль), Вирджилиу Постолаки ("Мускрон", Бельгия).

Еске салайық, қос жұптың жеңімпазы 2022/23 жылғы маусымда УЕФА Ұлттар Лигасының С тобында өнер көрсетеді. Қос ойында ұтылған құрама D лигасында Лихтенштейн, Андорра және Латвия футболшыларымен кездеседі. Әзірге Молдовадағы матчтан кейін Андрей Карпович баптайтын Қазақстан командасы 1:2 есебімен алда тұр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport