Молдова құрамасы Ұлттар лигасындағы Қазақстанмен қарымта матчті өткізу үшін Нұр-Сұлтанға келді, деп хабарлайды Молдованың футбол федерациясы (FMF).
Молдовалықтар Қазақстан астанасына жексенбі кешкісін қоныпты. "Кишиневтен төрт сағат 45 минутта ұшып келді, одан кейін FMF бастамасымен, жергілікті биліктің көмегімен футболшылар транзиттің жеңілдетілген процедурасын өтті", - делінген ұйым сайтында.
Бүгін 19:00-де Молдова құрамасы "Астана Аренада" жаттығады, ал одан бұрын бас бапкер Сергей Клещенко мен жартылай қорғаушы Вадим Рацтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.