Молдова құрамасы Қазақстанға қарсы матчке қатысатын футболшылар тізімін жариялады

©fmf.md

Молдова құрамасының бас бапкері Сергей Клещенко Ұлттар лигасында Қазақстанға қарсы кездесуге қатысатын футболшылардың тізімін жариялады, деп жазады Moldfootball.com порталы. 

Бұл командалар арасындағы бірінші кездесу 24 наурыз күні Кишинев қаласындағы "Зимбру" стадионында өтсе, жауапты ойын 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында "Астана Аренада" болады. 

Молдова құрамасы:

Қақпашылар: Станислав Намашко ("Кешля", Әзірбайжан), Дориан Райлян "(Униря Деж", Румыния), Николай Чеботарь ("Петрокуб");

Қорғаушылар: Олег Рябчук ("Олимпиакос", Грекия), Игорь Армаш ("Волунтарь", Румыния), Вячеслав Посмак ("Тузласпор", Түркия), Денис Марандич ("Целе", Словения), Даниэл Думбравану ("Сиена", Италия), Артур Крачун ("Царско село", Болгария), Вадим Болохан ("Милсами"), Ион Жардан ("Петрокуб"), Иоан-Кэлин Ревенко ("Петрокуб"), Денис Фуртуна (ФК "Бэлць");

Жартылай қорғаушылар: Артур Ионица ("Беневенто", Италия), Вадим Рацэ ("Волунтарь", Румыния), Михаил Каймаков ("Славен Белупо", Хорватия), Кристиан Дрос ("Славия Мозырь", Беларусь), Дмитрий Мандрыченко ("Ингулец", Украина), Корнелиу Котогой, Мариус Йосипой, Сергей Платика, Михай Платика, Ясер Цуркан (бәрі - "Петрокуб"), Никита Моцпан ("ФК Бэлць");

Шабуылшылар: Виталий Дамашкан ("Сепси", Румыния), Раду Гынсарь ("Ксанти", Греция), Ион Николаеску ("Маккаби Петах-Тиква", Израиль), Вирджилиу Постолаки ("Мускрон", Бельгия).

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport