Молдова жаттықтырушысы Қазақстанды жолда қалдыратынына сенімді
Молдовалық жоғарғы футбол лигасы "Петрокуб" командасының жаттықтырушысы Лилиан Попеску Ұлттар Лигасының ойындарында қазақстан құрамасын жолда қалдырамыз деп мәлімдеме жасады. Бұл туралы moldfootball.com сайты хабарлады.

"Қазақстанмен болатын ойындарға оптимизммен қараймын ба? Әрине, иә. Мен біздің жігіттерге және жаттықтырушыға сенемін және қарсыласты жолда қалдырамыз деп ойлаймын" - деді ол өз сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, қарсыластар Ұлттар Лигасының С дивизионында қалу үшін сынға түседі. Бірінші кездесу Кишиневтегі "Зимбру" стадионында 24 наурызда өтсе, қарымта кездесу Нұр-Cұлтан қаласындағы "Астана Аренада" 29 наурызға жоспарланған.
Жарнама