Мохаммед Салах үйсіз бейбақты көше бұзақыларынан қорғап қалды

Сурет: mylfc.ru
"Ливерпуль" шабуылшысы Мохаммед Салах үйсізге тиіскен бұзақыларды қуып жіберді. Бұл оқиға камераларға түсіп қалған екен, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Оқиға 28 қыркүйекте болған, ойыншы өз командасымен бірге лондондық "Арсеналға" қарсы матчынан қайтып бара жатқанда болған. Шабуылшы жасөспірім бұзақылардың үйсізді қорлап жатқанын көріп, өтіп кете алмаған. Салах бұзақыларды қуып жібергеннен кейін жәбірленушіге 100 фунт берген.





Ағылшын премьер-лигасының осы маусымында Мохаммед Салах төрт матч өткізіп, бес гол соққан. АПЛ төртінші турында "Ливерпуль" сырт алаңда "Астон Вилладан" 2:7 есебімен жеңілген болатын.
Жаңалықтар