"Ливерпуль" мен Египет құрамасының шабуылшысы Мохаммед Салах ағылшындық клубтың ұсынған соңғы келісімшартынан бас тартты. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, "Ливерпуль" футболшының агенті Рами Аббаспен соңғы рет желтоқсан айында сөйлескен, содан кейін мүлдем келіссөздер болмаған екен. Ал 29 жастағы шабуылшы осы командадан кеткісі келмейді, бірақ ұсынып отырған келісімшарт көңілінен шығар емес.
Айта кетейік, Салахтың "Ливерпульмен" қазіргі келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Осы маусымда Мохамед Салах Англия Премьер-лигасының 25 ойынына қатысып, 19 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.