Футбол
1 маусым 2022 18:41
 

Мохамед Салах "Ливерпульдегі" болашағына қатысты нақты шешім қабылдады

  Пікірлер

blog.share

Мохамед Салах "Ливерпульдегі" болашағына қатысты нақты шешім қабылдады ©Reuters

"Ливерпульдің" шабуылшысы Мохамед Салах клубпен жаңа келісімшарт туралы бітімге келе алмаса, командадан кетуге дайын. Бұл туралы The Athletic хабарлады. 

blog.share

"Ливерпульдің" шабуылшысы Мохамед Салах клубпен жаңа келісімшарт туралы бітімге келе алмаса, командадан кетуге дайын. Бұл туралы The Athletic хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, мысырлық шабуылшы әлемдегі ең жоғары жалақы алатын алтыншы футболшы болғысы келеді. Бірақ "Ливерпуль" басшылары Салахтың мұндай талаптарына келіспей жатыр. 

Соңғы алты айда Мохамед пен "Ливерпуль" басшылары бірде-бір кездесу өткізбеген. Ақырғы рет жаңа келісімшарт туралы сөз болғанда, екі тарап мүлде келісімге келмеген. 

29 жастағы Салах "Ливерпуль" сапына 2017 жылы 42 миллион еуроға "Ромадан" ауысып келген болатын. Оның ағылшындық командамен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымында аяқталады. Transfermarkt порталы шабуылшыны дәл қазір 100 миллион еуроға бағалап отыр. 

Айта кетейік, биыл Салах "Ливерпуль" сапында барлық турнирлерде 50 кездесуге қатысып, 31 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!