Сауд Арабиясының клубтары "Ливерпуль" жұлдызы Мохамед Салахты өз лигасының жаңа бет-бейнесіне айналдыруға дайын. Бұл үшін олар мысырлық шабуылшыға рекордтық қаржылық шарттары бар келісімшарт ұсынбақ, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұндай ұсыныстан бас тарту қиын
Daily Mirror мәліметінше, Сауд Арабиясы клубтары "Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салахтың жалақысын үш есеге арттырып, оған аптасына 1,2 миллион фунт стерлинг көлемінде еңбекақы төлеуге дайын. Егер бұл ұсынысқа келісім берсе, 33 жастағы мысырлық әлемдік футболдағы айлығы ең жоғары ойыншылардың біріне айналады.
Сауд Арабиясында Салахты чемпионаттың болашақ флагманы ретінде қарастырып отыр. Ол Криштиану Роналдудың кету ықтималы себебінен лиганың басты жұлдызы мәртебесін иеленіп, саудиялық футбол жобасының жаңа символына айналуы тиіс.
"Ливерпульдің" ұстанымы
Мерсисайдтық клуб шабуылдағы көшбасшымен қоштасу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ықтимал трансфер еңбекақы қорын айтарлықтай қысқартуға және қомақты өтемақы алуға мүмкіндік бермек. Дереккөздерге сүйенсек, "Ливерпуль" мүмкін болатын келісімнің 2026 жылғы әлем чемпионаты басталғанға дейін аяқталғанына мүдделі.
Салахтың статистикасы мен келісімшарты
Мохамед Салах "Ливерпуль" сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2025/26 маусымында ол барлық турнирде 25 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен жасалған келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Capology деректеріне сәйкес, Салахтың қазіргі еңбекаұысы салыққа дейін аптасына 400 мың фунт (жылына 20,8 миллион фунт) болса, Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын 30 миллион еуро деп бағалайды.
Жарнама