Футбол
12 ақпан 10:03

Мохамед Салах атақты Джерард қана жасаған рекордты қайталады

©globallookpress.com

Мохамед Салах Англия премьер-лигасындағы маңызды рекордтарының бірін қайталап, "Ливерпуль" тарихына есімін алтын әріппен жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сандерлендке" қарсы матчта (1:0) мысырлық шабуылшы Вирджил ван Дейкке нәтижелі пас беріп, команда жеңісіне үлкен үлес қосты.

Бұл ассист Салах үшін Премьер-лига аясында "Ливерпуль" сапындағы 92-нәтижелі пас болды. Бұған дейін дәл осындай көрсеткішке аңызға айналған Стивен Джеррард жеткен еді және осыған дейін рекордты жеке-дара иеленіп келген.

Салах 2017 жылдан бері "Ливерпуль" намысын қорғап келеді және осы уақыт аралығында клубтың басты символдарының біріне айналды. 33 жастағы форвард Англия чемпионатында 306 матч өткізіп, 188 гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport