Футбол
Бүгін 11:47

Модрич "Реалға" оралуды көздеп отыр: Моуриньюға жағайымсығандай болды

©"Милан" ФК

Лука Модрич футболшы карьерасын аяқтағаннан кейін не істейтінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Хорватиялық ойыншы мадридтік "Реалға" қайта оралғысы келетінін мойындады.

Қазір хорватиялық жартылай қорғаушы "Милан" сапында өнер көрсетіп жүр. Оның италиялық клубпен келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін жарамды. 9 қыркүйекте атақты жартылай қорғаушы 41 жасқа келеді.

"Реал" - менің үйім және мен онда оралғым келеді. Мен әрқашан мадридист болып қаламын. "Реал" - әлемдегі ең ұлы клуб.

Мадрид маған бәрін берді. Мен қайтып келіп, клубқа пайдамды тигізіп, көмектескім келеді. Жозе Моуринью айтқандай, мен "Реалда" жұмыс істегім келмейді, мен "Реал" үшін жұмыс істегім келеді", - деп береді Модричтің сөзін Marca.

Модрич 2012-2025 жылдар аралығында "Реалдың" намысын қорғады. Осы уақыт ішінде хорватиялық футболшы клубтың басты аңыздарының біріне айналып, көптеген жүлде жеңіп алды.

Мадридтік клубтан кеткеннен кейін 40 жастағы жартылай қорғаушы "Миланмен" келісімшартқа отырды. 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін Модрич италиялық клубпен келісімін тағы бір маусымға ұзартты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport