Хорватия құрамасының ойыншысы Лука Модрич Германияда өтіп жатқан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында өзгеше көрсеткішке жетті, деп жазады Vesti.kz.
Топтық кезеңнің Италияға қарсы үшінші тур матчінде (1:1) Модрич гол салды.
Осылайша, ол Еуропа чемпионатында гол салған ең егде ойыншы болып отыр - 38 жас 289 күн.
Матчтің үздік ойыншысы атанған хорватиялықтың өзі бұл көрсеткішке қатысты ойы айтты.
"Менің рекордым? Мен үшін ол ештеңеге тұрмайды, өйткені бұл командаға көмектеспеді. Өкінішті түн", - деп береді Модричтің сөзін Madrid Xtra.