auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Модрич - 2018 жылдың ең үздік футболшысы!

Модрич - 2018 жылдың ең үздік футболшысы!
FIFA
Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (ФИФА) Лондонда жылдың үздік футболшыларын марапаттады. Ерлер арасында "The Best" сыйлығына хорват Лука Модрич ие болды.

Хорватия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы бұл атаққа алғаш рет қол жеткізіп отыр. Ол шешуші кезеңде Криштиану Роналду (Ювентус) мен Мұхаммед Салахты (Ливерпуль) басып озды.

"France Football" журналы 2016 жылдан бастап Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген болатын. Нәтижесінде басылым "Алтын доп" иегерін өздері анықтаса, ФИФА "The best" сыйлығын табыстауды қолға алған еді. Биыл "The Best" сыйлығы үшінші рет табысталды.

ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы ұлттық құрамалар жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталды.

Айта кетейік, Лука Модрич 2018 жылы "Реалмен" бірге Чемпиондар лигасында топ жарды. Хорватия ұлттық құрамасымен әлем чемпионатының финалында бақ сынады. УЕФА таңдауы бойынша да жылдың үздік футболшысы атанды.

Әйелдер арасында "The Best" сыйлығына Марта ие болды. Ал Дидье Дешам жылдың үздік жаттықтырушысы атанды. Өзге де үздіктер марапатталды.

Үздік қақпашы: Тибо Куртуа
Әйелдер командасының үздік жаттықтырушысы: Рейнальд Педрос
Жылдың үздік жанкүйерлері: Перу ұлттық құрамасы фанаттары
Перенц Пушкаш сыйлығы иегері: Мұхаммед Салах
Fair Play марапатының иегері: Леннарт Ти
"FIFA 2017" үздік футболшылар құрамы: Давид Де Хеа ("Манчестер Юнайтед"); Серхио Рамос, Марсело, Рафаэль Варан (бәрі де – "Реал"), Дани Алвес (ПСЖ); Лука Модрич ("Реал"), Нголо Канте ("Челси"); Криштиану Роналду ("Ювентус"), Лионель Месси ("Барселона"), Эден Азар ("Челси"), Килиан Мбаппе (ПСЖ).
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама