Аргентиналық жұлдыз Лионель Месси алдағы сәрсенбіде Шарлоттада өтетін МЛС жұлдыздары мен Мексиканың Лига МХ құрамасы арасындағы Барлық жұлдыздар матчіне қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алайда бұл жолы лига ресми түрде Мессиді ойыннан босатып, оған ешқандай тәртіптік жаза қолданбайтынын мәлімдеді.
Месси неге жазаланбайды?
2026 жылғы маусым басталар алдында МЛС пен ойыншылар кәсіподағы (MLSPA) 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшылардың демалыс алу құқығын бекіткен болатын.
Месси мен оның "Интер Майами" клубындағы әріптесі Родриго Де Пауль 19 шілдеде өткен әлем чемпионатының финалында өнер көрсеткендіктен, FIFPRO ережесіне сәйкес міндетті түрде 21 күндік демалысқа жіберілді.
Былтырғы жағдай
Былтыр дәл осындай көрме матчына қатыспағаны үшін МЛС Мессиді тұрақты чемпионаттың бір ойынына шеттеткен еді.
Сол кезде "Интер Майами" клубының тең иесі Хорхе Мас бұл шешімді "тым қатаң" деп бағалап, Леоның мұндай жазаға қатты қапаланғанын айтқан болатын.
Құрамда өзгерістер болды
Көшбасшылардың демалысы және Уго Кёйперстің "Монтеррейге" ауысуына байланысты МЛС құрамына шұғыл түрде бірнеше ойыншы шақырылды.
Тізімге "Интер Майами" клубынан Янник Брайт, "Ванкуверден" Андрес Кубас, "Хьюстоннан" Гильерме және "Чикагодан" Филип Цинкернагель енгізілді.
Сонымен қатар, әлемдік футбол жұлдыздары Сон Хын Мин, Томас Мюллер және Тим Рим алдағы шоу-матчқа қатысатынын растады.
Айта кетейік, Месси мен Родриго Де Пауль әзірге клубпен бірге жаттығу өткізген жоқ. Олар "Интер Майамидің" "Чикаго" және "Монреальға" қарсы соңғы матчтарын да өткізіп алды.
Жарнама