Италиялық "Рома" Еуропа лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы матчте франциялық "Лилльден" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл матчте қатарынна үш пенальтиді қайтара алған Берке Озер басты қаһарман атанды.
82-минутта төреші "Лилль" қақпасына пенальти белгіледі. Артём Довбик екі мәрте 11 метрлік айып добын орындады, бірақ екі жағдайда да түрік голкипер қақпасын аман сақтап қалды. Үшінші мүмкіндікті Матиас Соуле пайдаланып көрді, алайда, оның соққысын да Озер қайтарды. Осылайша, ол қонақтардың жеңісін сақтап қалды.
25 жастағы түрік қақпашысы Берке Озер бұл жазда Лига 1-ге "Эюпспордан" ауысып келген болатын. Франция чемпионатында ол бес матч өткізіп, тоғыз гол жіберіп алған.